«Батыс» ӘКК Орынбор облысының құрылыс индустриясы кәсіпорындары қауымдастығымен меморандумға қол қойды

АҚТӨБЕ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Өткен аптада «Батыс» ӘКК делегациясы Орынборда жұмыс сапарымен болды, онда Орынбор құрылыс индустриясы кәсіпорындары қауымдастығымен құрылыс саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында «Батыс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібековтің Орынбор облысының вице-губернаторлары Сергей Горшенинмен және Юрий Карповпен, Орынбор облысы думасы тұрақты комиссиясының төрағасы Сергей Катасоновпен кездесулері өтті. Бұдан кейін Орынбор облысы әкімшілігінің конференц-залында Құрылыс индустриясы қауымдастығының басшылары Игор Шепельмен және Иван Дрожжинмен келіссөздер болды, оған облыс вице-губернаторы Сергей Горшенин мен облыс үкіметінің сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы Александр Калинин қатысты. Ресей тарапы Ақтөбе облысы кәсіпорындарымен бұрыннан қалыптасқан байланыстарды ескере отырып, ӘКК-мен ынтымақтастыққа мүдделілік білдірді. Осы ынтымақтастықтың аясында Ақтөбе облысы кеніштерін игеру, цемент зауытын салу, құрылыс материалдарын шығару сияқты жобалар жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ екі елдің шекаралас облыстары Жайық өзенінің түбін тазарту экологиялық жобасын қолға алғалы отыр.
Соңғы жаңалықтар