«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізін Ұлы Жібек жолының жаңғыруы деп санауға болады - Карл Байпақов

ОБЛЫСЫ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізін Ұлы Жібек жолынының жаңғыруы деп санауға болады.
None
None

Бұл туралы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолы бойымен БАҚ өкілдеріне арналған сапар барысында академик Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың директоры Карл Байпақов айтты.

Оның айтуынша, ежелгі Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы 3000 шақырым болған. "Ұлы Жібек жолы шығыс пен батысты, Азия мен Еуропаны жалғаған адами өркениеттің феномені. Қазіргі айтып жүрген Еуразиялық ықпалдастықтың негізі болған Қазақстан, ежелгі Ұлы Жібек жолында түрлі діндер мен мәдениеттердің, дәстүрлердің тоғысқан орталықтарының бірі саналған. Қазіргі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің Қазақстан арқылы өтетін ұзындығы да 3 000 шақырымға жуықтайды. Сондай-ақ, Қазақстан Еуропа мен Азия тоғысындағы әлемдік орталықтардың біріне айналып келеді. Осы ұқсастықтар Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруын білдіреді", деді белгілі ғалым.

Соңғы жаңалықтар