«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі бойынша 8,5 мың шақырым жолды автокөлікпен 10 тәулікте жүріп өту көзделеді

АНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі бойынша 8,5 мың шақырым жолды автокөлікпен 10 тәулікте жүріп өту көзделеді. Бүгін журналистерге арнап өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні Азиядан Еуропаға тасымалданатын халықаралық жүктердің ауқымды бөлігі теңіз жолдары арқылы жүзеге асатыны бегілі. Бұның жыл сайынғы экономикалық айналым көрсеткіші 700 млн. долларды құрайды. Егер біз осы халықаралық жүктердің бір бөлігін су көлігінен автокөлікке ауыстыратын болсақ, бұдан ұтарымыз көп. Ең алдымен Қазақстанның халықаралық жүк тасымалындағы рөлі еселене түседі. Егер біздің бүгінгі жүк тасымалындағы үлесіміз 8-13 млн. тоннаға жуық болса, жоба жүзеге асқанда бұл көрсеткішті 2,5 есеге арттырып, 33 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады», деді министр.

Оның айтуынша, Азиядан Еуропаға теңіз жолдары арқылы жүк тасымалын жүргізу 40 тәуліктен астам уақытты алады. «Ал «Батыс Еуропа»-Батыс Қытай» жобасы жүзеге асса автокөлік жолдарымен 8,5 мың шақырымды 10 тәулікте жүріп өтуге болады. Біздің техникалық негіздемелеріміз осыған есептелген», деді Ә. Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар