«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі - Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі ең үлкен және өте маңызды жоба - Өмірзақ Шөкеев

ШЫМКЕНТ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Шымкентте «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің оңтүстікқазақстандық учаскесінің құрылысына тендерді жеңіп алған шетелдік құрылыс ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
None
None

Жолдың оңтүстікқазақстандық телімі бойынша алты мердігер компания анықталып отыр. Олар - ирандық «Дена Рахсаз» компаниясы, «Копри/Сейсер» куәйт-қазақстандық компаниясы, кореялық «Кукдонг» және «Поско» компаниялары, қытайлық «Синохидро» компаниясы және «Азеркорпу/Тепе» әзірбайжан-түркиялық бірлескен кәсіпорны.

Өмірзақ Шөкеев аталған компаниялардың барлығына жергілікті билікпен қарым-қатынас орнатуға кеңес берді. «Жұмыстың сапасы күн сайын тексеріліп отырылады. Бұл маңызды мәселе. Және сіздер жергілікті билікпен байланыс орнатуларыңыз, бірлесіп жұмыс істеулеріңіз, персоналды таңдауларыңыз керек. Бұл, еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі ең үлкен және біз үшін өте маңызды жоба болып табылады. Сондықтан да, сіздерден өтінерім: біздің мақсат-мүддемізді түсініңіздер», - деді Ө.Шөкеев өз сөзінде.

Жобаға тартылып отырған отандық компанияларға шетелдік әріптестерінен тәжірибе алуға кеңес берген Ө.Шөкеев: «қазақстандық компаниялар солардың деңгейлеріне жетулері керек. Сіздер олардан жұмыс істеуді үйренсін деп, біз әдейі осылай жасап отырмыз. Олардың техникасына, технологиясына қараңыздар. Сіздерге үлкен сенім артып отырмыз, енді қалай жұмыс істейтіндеріңізді байқаймыз», - деді.

Соңғы жаңалықтар