«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы - Президент Жолдауының іске асырылуының нақты дәлелі
деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.
Кездесулер барысында насихат тобы облыстағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды, сонымен қатар, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ашылған өндірістік кәсіпорындарды аралау жоспарланған. Назар аударарлық негізгі нысаны - Қызылорда облысындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомобиль транзиттік дәлізінің құрылысыжобасын жүзеге асыру.
Еске сала кетсек, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәліздің қазақстандық учаскесінің ұзақтығы 2787 шақырым. Жобада 4 бас мердігер жұмыс жүргізіп жатыр. Олар «Салини Конструттори» АҚ, «Аккорд/Окан» БК, «Импреза» АҚ және «Тодини» АҚ. Олар өз тарапынан 20-дан астам қазақстандық және бірлескен жол компанияларды құрылыс жұмыстарына жұмылдырған.
Жұмысты тиімді атқару мен аймақты толық қамту үшін аудан бойынша тарайтын кіші топтарға бөліну туралы шешім қабылданды. Олар облыстың бірнеше аудандарында болады. Әрбір кіші топтың құрамына облыс, қала және аудандардың ведомстволар басшылары енді.
Көлік ведомствосы басшысының басқаруындағы топ Арал ауданын аралап, Арал қаласы, Жақсықылыш ауылы тұрғындарымен, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізін қайта салуға жұмылдырылған жол компаниялардың еңбек ұжымдарымен кездесуі жоспарланған.