«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолы біздің тауарларымыз үшін маңызды магистраль - облыс әкімінің орынбасары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолы біздің тауарларымыз үшін маңызды магистраль, деп атап көрсетті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына жасаған «Жаңа онжылдық - Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуі, жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында.
None
None

Ағымдағы жылы Қазақстанда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» бағытындағы дәлізде жолдар салу және жаңарту жөніндегі ауқымды жұмыстар басталады. Аталмыш жоба аясында біздің елімізде шамамен 2,5 мың шақырымдай жол салынады және қайта жаңартылады. Магистральдік дәліздің жалпы ұзындығы 8 445 шақырымды құрайды, оның 2 787 шақырымы Қазақстанның аумағы арқылы өтеді. Жобаны Ислам және Азиялық даму банктері қаржыландырып отыр.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаевтың айтуынша, бұл жол Жамбыл облысының аумағында жеті аудан арқылы өтеді және учаскенің ұзындығы 495,3 шақырымды құрайды.

Аймақтағы құрылыс жұмыстарына жергілікті мамандар мен жергілікті өндірістердің құрылыс материалдары белсенді тартылады. Жамбыл облысында цемент, асфальт битумы, темір-бетон бұйымдары материалдарының жеткілікті өндірісі жолға қойылған, оған қоса тас, қиыршық тас карьерлері де жұмыс істеп тұр, - деп атап көрсетті ол.

«Қытаймен шекарадан басталатын көлік дәлізі Қазақстан арқылы өтіп, Қытайға ғана емес, басқа да азиялық елдерге Еуропаға шығудың оңтайлы жолын ашады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қарай аяқтау жоспарланып отырған халықаралық инвестициялық мегажоба Қазақстан экономикасының, сондай-ақ Жамбыл өңірі экономикасының дамуына айтулы серпін береді», дейді Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев.

Соңғы жаңалықтар