«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізі Қазақстан мен Беларусь үшін жаңа перспективалар ашуда

МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» бағыты бойынша транзиттік дәліздің құрылуымен Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің ықпалдастығы үшін жаңа перспективалар ашылуда.
None
None

Бұл туралы ҚР Президенті Н. Назарбаев Минскіде өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша берген баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» бағыты бойынша Еуразиялық транзиттік дәлізді құру есебімен транзиттік-көлік саласында ықпалдастық үшін жақсы перспективалар ашылуда», - деді ол.

Бұл ретте Елбасы атап өткендей, Беларусь шекарасы біз арқылы қытай-беларусь шекарасы болуы мүмкін, ал Қазақстан Беларсуь арқылы Еуропамен шекараласатын болады.

Соңғы жаңалықтар