Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

ОРАЛ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бүгін Оралда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми-зерттеу орталығы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық үш бағытта: биотехнология, ихтиология, мұнайхимия саласы бойынша жұмыстанбақ. Үш қабатты ғимараттың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қазіргі кезде оқу орнында сегіз мыңнан астам студенттер мен аспиранттардың білім алып жатқанын, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін барлық жағдайдың жасалатынын айтты. Сонымен бірге аталмыш орталықта тек ғылыми жұмыстар ғана емес, өндіріске де пайдалы жобалар қолға алынуы керектігін атап өтті. Облыс басшысы сондай-ақ университет оқытушыларына арналып салынып жатқан 44 пәтерлік үй мен студенттер үшін бой көтеретін 560 орындық, тоғыз қабатты жатақхана орнында болды.
Соңғы жаңалықтар