21:19, 19 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстан аумағында жүзеге асырылған дағдарысқа қарсы бағдарлама шаралары өзінің нақты нәтижесін берді - ҚР Премьер-Министрі
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Батыс Қазақстан облысы аумағында қабылданған дағдарысқа қарсы бағдарламаның барлық шаралары нақты нәтижелерін берді, жағдай тұрақты, нәтижелер жаман емес. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін, желтоқсанның 19-ы күні экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның Оралда өткен көшпелі отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

«Барлық бағыттар бойынша дерлік оң өсім бар, бұл тұтастай алғанда БҚО тұрғындары жаңа 2010 жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алатынын білдіреді», - деді К.Мәсімов.
Атап айтқанда, Премьер Мемлекет басшысының жанар-жағармайларға бағаны тұрақтандыру жөніндегі нақты тапсырмалары орындалды.
«Сондай-ақ біз Батыс Қазақстан облысының аумағында негізгі азық-түлік өнімдері түрлеріне баға тұрақталғандығын, немесе төмендегенін көріп отырмыз»., - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.