Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры өңір аудандарын аралап қайтты

ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры өңір аудандарын гастрольдік сапармен аралап қайтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театрдың, әсіресе, Ақжайық ауданындағы сапары сәтті өтті. Мұндағы ауылдарда театр әртістері Болат Ұзақовтың «Мезгілсіз келген махаббат» драмасын қойып, көпшілік қошеметіне бөленді. Театр әртістерінің тағы бір тобы Қаратөбе, Сырым аудандарында өнер көрсетті.

Бас режиссер Мұқанғали Томановтың сөзіне қарағанда, мұндай шара алдағы жылы да ұйымдастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар