18:13, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында балаларға арналған қойылымдар сахналана бастады
ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 15-інде Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Құжырғали Төлеуішевтің «Үш қоян мен бөлтірік» ертегісі қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ертегіні Орынбор облыстық қуыршақ театрының әртісі Рамиль Рахимов сахналады. Достыққа, жүрек жылуына, жақсылыққа үндеген ертегіні тамашалауға бөбектерін ерте келген ата-аналар 150 орындық кіші залға лық толды.
Театр директоры Құжырғали Төлеуішевтің айтуынша, бұған дейін ертегілер тек қана сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері мектеп не балабақшаның бір класы немесе бір тобына шектеліп қойылатын. Енді демалыс күні ұл-қызымен қыдыруды қалаған әр ата-ана жексенбі сайын ертегілерді көре алады.