Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Қызыл телпекті қыз» қойылмақ

ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Шарль Перро ертегісінің ізімен «Қызыл телпекті қыз» ( пьеса авторы Александр Заболотный ) қойылмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Театр директоры Құжырғали Төлеуішев аударған туындыны Орынбор облыстық қуыршақ театрының әртісі Рамиль Рахимов сахналап отыр. Бұдан бұрын Қ.Төлеуішевтің «Үш қоян мен бөлтірігі» де қойылған еді. Жалпы, театр репертуарында оншақты ертегі бар. Енді театрда әр жексенбі сайын балаларға арналған спектакль тұрақты қойылып тұрмақшы.
Соңғы жаңалықтар