Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті жариялаған мүшәйраның жеңімпаздары анықталды

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасының биылғы Жолдауына орай дағдарысқа қарсы шаралар аясында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті редакциясы жариялаған жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыр бәйгесіне осы өңірде тұратын ақындар мен талапкерлер белсене қатысып, барлығы елу өлең мүшәйра қоржынына түсті. Қазылар алқасының ( төрағасы Қайрат Жұмағалиев ) шешіміне сәйкес бас жүлдеге «Мәңгі достық» өлеңі үшін белгілі ақын Жанғали Набиуллин лайық деп табылды. Сырымдық Махмет Қажиахметов ( «Қазақпын мен!!!» ) ? бірінші, жәнібектік Назгүл Кәрімова ( «Тілек» ) ? екінші, жаңақалалық Закария Сисенғали ( «Достық туын көтерген халқым неткен ірі еді» ) ? үшінші, оралдық Мұңайдар Балмолда ( «Илеу» ) мен бөкейордалық Ерназар Қисахметов ( «Азаттық» ), қазталовтық Сәрсенғали Рахметов ( «Сұрайтыным халқымнан» ) ынталандыру сыйлықтарын иеленді. ҚазАқпарат, Батыс Қазақстан. --А ? О. Ғ.Ер.
Соңғы жаңалықтар