Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Білімнің қара шаңырағы» атты көрме ашылды

ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 85 жылдығына орай дарынды балаларға арналған «Білімнің қара шаңырағы» атты көрме ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің қозғау салуымен 1924 жылы ашылған аталмыш білім ордасы ұзақ уақыт бойы Орал қаласында қазақ тілінде дәріс беретін бірден-бір мектеп болып келді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мемлекеттік тілдегі мектептер көбейе бастады. Көрме талай танымал тұлғалар сабақ беріп, Бірғаным Әйтімова сынды қайраткерлер, Ақұштап Бақтыгереева, Қайыр Бектұрғанов секілді ақын-жазушылар, Қатимолла Бердіғалиев тәрізді өнер адамдары, самбодан әлем чемпионы Асқар Шайхиевтай атақты спортшылар тәрбиеленіп шыққан білім ошағының өткені мен бүгінінен молынан хабар береді.
Соңғы жаңалықтар