Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жүзеге асырылмақ

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жүзеге асырылмақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Аталмыш стратегиялық жоспар БҚО атқарушы билік органының қызметіне сапалы және дер кезінде ақпараттық-талдау жөнінен қолдау көрсету және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді көздейді. Ақпараттық қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету де назардан тыс қалмайды. Бұл мақсат үш бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, «Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасына сәйкес 2010 жылы - 410,0 млн., 2011 жылы - 467,2 млн., 2012 жылы 515,2 млн. теңге қажет етіледі. «Ақпараттық жүйелер құру» бағдарламасы бойынша 2010 жылы 110,0 млн. теңге керек болса, одан кейінгі жылдары қаражат бюджетті нақтылау кезінде бөлінетін болады. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жеке және заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер ұсыну жөніндегі ұйымдастыру» бағдарламасына сәйкес 2010 жылы 298,4 млн. теңге қаралмақ, одан кейінгі жылдары республикалық бюджеттен трансферттердің бөлінуіне қарай айқындалатын болады.

Соңғы жаңалықтар