18:36, 30 Желтоқсан 2019 | GMT +6
Батыс Қазақстан облысында 700-ден астам қару жойылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласындағы «КазАрмаПром» АҚ зауытында қару жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл жолы 104 қару балқытылды.
Соның ішінде 77-сі – тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 20-сы – газды тапанша. Сондай-ақ бір травматикалық тапанша, 2 шолақ мылтық, 4 пневматикалық қару, 4 электрошокер, 1 тетік пешке салынды.
Қару балқытылғаннан кейін 105 кг металл алынды.
Осымен жыл бойы бұл шара төртінші мәрте атқарылып, барлығы 700-ден астам қару жойылды.