Батыс Қазақстан облысында құрғақ шөп жанып жатыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында далада құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт 2 тамыз күні Сырым ауданында тұтанды.
«Сағат 17.42-де Жетікөл ауылдық округі аумағында құрғақ шөп жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Екі учаскеде Дәулетбайда - 42 га, Аққұдықта - 38 га жер отқа оранды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен 14 адам 2 техникамен және ерікті өрт сөндіру құрылымынан 16 адам 3 техникамен жұмыс жасап жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғын үй өртеніп, жас отбасы баспанасыз қалғанын жазған болатынбыз.