Батыс Қазақстан облысында құс фарикасында ірі өрт болды- ТЖМ

АНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жекеменшік кәсіпкердің құс фарикасында ірі өрт болды.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт 11 ақпан күні түн жарымда «Перспектива + S» ЖШС-ның құс фабрикасының инкубациялық ғимаратында болды. Анықталғандай, ЖШС ғимаратты «Орал Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен жалға алған.

Тілсіз жау БҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 16 адамы мен 4 техниканың күшімен үш сағатқа жуық уақытта ауыздықталды.

Жалынның шарпыған жалпы аумағы 350 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт орнында 70-ке жуық құстың денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар