21:49, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысының делегациясы Беларус Республикасында сапарда болды
МИНСК. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – Беларус Республикасындағы Қазақстан елшілігінің бастамасы бойынша осы жылғы ақпанның 2-сі мен 4-і аралығында аймақ әкімінің орынбасары Ербол Салықов бастаған Батыс Қазақстан облысының делегациясы Беларус Республикасында аймақаралық ынтымақтастық ауқымында сапарда болды,

деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР-сының Беларустағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл екі республиканың шаруашылық жүргізуші субъектілері басшыларының қазақстан-беларус экономикалық мәселелер жөніндегі үкіметаралық комиссиясының V отырысы шешімдерін тікелей жүзеге асыру бағытындағы биылғы жылы өткен алғашқы кездесуі болды.
Минск қаласының мэриясымен, БР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Михаил Савельевпен өткен кездесулер мен келіссөздер өте жемісті болды. Сондай-ақ, қазақстандық делегация «Горизонт» ААҚ-да, «МАЗ» республикалық унитарлық кәсіпорынында, «Амкадор» ААҚ-да, Минск трактор зауытында, Минск құс фабрикасында, жылыжай коминатында, қалалық сүт зауытында және басқа да өндіріс орындарында болды. Могилев және Гродно облыстарына да іс-сапарлар ұйымдастырылды.Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері мен Белоруссияның өндірістік және аймақтық құрылымдарының өкілдері арасында өткен мүдделілік тұрғысындағы келіссөздер барысында қосалқы бөлшектерді жеткізу туралы нақты келісім-шарттар жасалып қана қойған жоқ, сонымен бірге, ең өзекті мәселе, Батыс Қазақстан облысындағы беларустық техникаларға кәсіби сервистік қызмет көрсету уағдаластығына да қол жеткізілді.
Тағы бір айта кетерлік жайт, қазақстандықтар үшін белорус рыногының жанар-жағар май, жеңіл және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, машина жасау, банк жүйесі және тағы да басқа салаларына отандық капиталды енгізудің оңтайлы мүмкіндіктері туындап отыр.Беларустық әріптестермен өткен кездесулерді делегация Қазақстанның Беларус Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирновпен қорытындылады. Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктің басшысы Қазақстан мен Беларус арасындағы аймақтық ынтымақтастықты бұдан әрі тереңдете түсуге бағытталған жоспарлардың бар екендігін атап өтті.