Батыс Қазақстан прокуратурасы техникалық реттеу саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтады

Шара барысында білім беру нысандарын толық жөндеуден өткізу кезінде мердігерлермен сертификатталмаған құрылыс материалдарын пайдалану, сонымен қатар жиһаз және басқа да заттарды тиісті сертификаттарсыз жеткізу фактілері анықталды. Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, Ақжайық ауданының Жанама ауылындағы Сарыторғай білім мекемесінің ғимаратын толық жөндеуден өткізген «ЖайықҚұрылысКом» ЖШС-і жалпы сомасы 3 254 520 теңгені құрайтын құрылыс материалдарын тиісті сертификаттарсыз пайдаланған. Бұл еліміздің «Техникалық реттеу туралы» Заңының 32 бабы нормасына қайшы келеді.
Ал «Армут» ЖШС мемлекеттік сатып алу келісімшартын орындау барысында осы аудандағы интернаттық үлгідегі білім мекемесіне жалпы сомасы 1 126 255 теңгені құрайтын тұрмыстық жиһаздар мен көрпе-жастықтарды белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін куәландыратын тиісті құжаттарсыз әкелген. Мұндай құқықбұзушылықтар Зеленов ауданындағы білім беру ошағына толық жөндеу жұмыстарын жасаған «Балтемен» және «Ремстройбыт» ЖШС-лерінен де байқалған.
Осы фактілер бойынша облыс прокуратурасы ұсыныс жасап, нәтижесінде аталған компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 155 520 теңге көлемінде айыппұл төледі.