Батыс Қазақстанда 100-ге жуық нысан санитарлық талапты бұзған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1-17 желтоқсан аралығында мониторинг тобы 98 нысанда санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 53 хаттама толтырылды.

Соған сәйкес 2,7 млн астам теңге айыппұл салынды. Рейд кезінде көп адамның қатысуымен 14 іс-шараның өткендігі анықталды.

Сондай-ақ сағат 00.00-ден кейін жеке көлікпен жүрудің 34, бетперде тақпаудың 2, жұмыс режимін бұзудың 2, қызметкерлерге термометрия жүргізбеудің 1 дерегі белгілі болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, өңірде барлығы 158, соның ішінде Оралда 20, аудандарда 138 мониторингтік топ жұмыс істеуде.

1-19 желтоқсан аралығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 3 млн 334,1 мың теңгеге 58 хаттама толтырылды. Соңғы аптада, 12-19 желтоқсанда 1 млн 389,5 млн теңгеге 20 хаттама түзілді.

Бұдан бұрын дәрі-дәрмек бағасын өсіргені, рұқсатсыз сатқаны, тіркеу құжаттарының болмағаны үшін жеке дәріхана иелері мен жеке тұлғаларға барлығы 10,9 млн теңгеге 65 айыппұл салынған болатын. Қазан айынан бері мұндай айыппұл салу тіркелген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жұқпалы аурулар ауруханаларында 155 науқастың емделіп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар