Батыс Қазақстанда 108 мыңнан астам шәкірт бес күндік оқу аптасына көшеді

БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, облыста 376 күндізгі және 3 кешкі мектепке 118 мыңнан астам оқушы барады.
Оның сөзіне қарағанда, сондай-ақ 1 ауысымда 81 мектептегі 8 583 оқушы бес күндік форматта оқитын болады.
Екі ауысымда оқытатын 285 мектеп (95 939 оқушы) болса, соның 279-ы (88 571 оқушы) бес күн оқиды.
Бұл оқу жылын 31 мамырда аяқтау және оқу жүктемесін азайту туралы шешімнің аясында мүмкін болып отыр.
«Сонымен қатар, биыл ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек түрлерімен 7232 бала қамтылады. Бір балаға жұмсалатын шығын орта есеппен 37 389 теңгені құрайды. Облыс бойынша акция барысында 5045 оқушыға бюджеттік қаржы (2556 оқушы) және демеушілік есебінен (2489 оқушы) (бюджеттік 53 млн 712,5 мың теңге, бюджеттен тыс 31 млн 671,9 мың) мектеп формасы, кеңсе тауарлары, спорттық киімдер сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», деді С.Темірғалиева.
Басқарма басшысының орынбасары жаңа оқу жылында енгізілетін басқа да өзгерістерге тоқталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын халықаралық олимпиада жүлдегерінің барлық дүниенің кілті білімде екендігін айтқанын жазған болатынбыз.