Батыс Қазақстанда 11 223 заңбұзушылық анықталды

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған орай 153 наразылық қанағаттандырылып, 34 ұйғарым орындалған. Жыл басынан бері 592 ұсыныс қаралып, 334 заңға түсіндірме беріліп, 773 заңсыз акті бұзылды. Соның ішінде нормативтік-құқықтық сипаттағы жеті акті өзгертіліп, тұлғалардың конституциялық құқығын қозғайтын екі заңсыз акті бұзылды. Сөйтіп, 27373 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды. Бұл ретте 896 тұлғаға тәртіптік, 1113 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 107 құқық бұзушы материалдық жауапкершілікке тартылды және үш миллион теңгеге 12 талап қанағаттандырылды. Сондай-ақ 7 қылмыстық іс қозғалып, 1,1 млрд. теңгенің залалы өндірілді.
Жыл ішінде еңбекақы төлеудегі берешек 70 млн. теңгеден 7 млн. теңгеге дейін төмендеді. Осы бағытта атқарылған жұмыс нәтижесінде 5137 қызметкерге 365 млн. теңге мөлшеріндегі еңбекақысы төленіп, жұмысшыларға жалақыларын уақтылы төлемеген 5 жұмыс берушіге айыппұл салынды.
Прокуратура қызметкерлері кәсіпкерлер құқығын қорғау бағыты бойынша да біршама шаруа тындырған. Олар көрсетілген мерзім аралығында 41 кәсіпкерді бақылаушы органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғап, заңсыз жоспарланған 298 тексеруге тыйым салды. Прокурордың наразылығы бойынша көптеген тұтынушыны есептегіш құ-
ралдарын ауыстыруға мәжбүрлеген «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Сондай-ақ «Балалар - біздің болашағымыз» атты республикалық бағдарламаны жүзеге асыру аясында аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, нәтижесінде 14919 кәмелетке толмаған баланың конституциялық құқығы қорғалды.
Облыс прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған «Бюджеттің толығуы - тұрақтылықтың кепілі» атты айлық та жақсы нәтиже берді. Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген шара барысында сот актілерін орындау бойынша әкімшілік айыппұлдар өндіріліп, нәтижесінде 20 млн.
теңгеден астам қаржыға 1 500 құжат аяқталды. Прокуратура қызметкерлерінің мәлімдеуінше, биыл облыс көлемінде қылмыс 84,3 пайызға көбейген. Оның ішінде ауыр қылмыс 43,8 пайызға, ал аса ауыр қылмыс түрі 24,3 пайызға өскен. Өткен кезеңде прокурорлар 45, соның ішінде 6 ауыр қылмысты анықтап, есепке алды. Бұл ретте бірде-бір қылмыстық іс ақтайтын негіздер бойынша қысқартылмаған. «Прокурорлар кабинетінің» мүмкіндігін тиімді қолдану ІІБ-ның қызметтік кеңселерінде заңсыз ұсталған 19 азаматтың конституциялық құқығын қорғауға септігін тигізді. 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы жағдаяты бойынша 5 қылмыстық іс, соның ішінде арнайы прокурормен қинау фактісі бойынша БҚО ІІД-ның 5 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндірісте.