15:58, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 122 мыңнан астам адам есепке алынды
ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында халық санағы өтіп жатқан алғашқы екі күнде 122 мыңнан астам адам есепке алынды.
Облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Болтай Әлімбаева ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл ? облыс тұрғындарының 21 пайызы. Кеше Орал қаласында орналасқан 25 санақ бөлімі меңгерушілерімен кеңес өткізілді. Әзірге есепшілер жұмысында ешқандай кедергі кездесіп отырған жоқ. Аудан, ауыл тұрғындарының да белсенділігі жоғары.