17:45, 18 Мамыр 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 13,4 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды
ОРАЛ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 13,4 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 31,5 пайызға артық. Бұл жөнінен республикадағы облыс үлесі 4 пайызды құрайды. Атқарылған жұмыстардың 69,9 пайызы ғимарат салу мен азаматтық құрылыс, 15 пайыздайы инженерлік жабдықты қондыру ісі еншісіне тиеді.
Құрылыс жұмыстарының тең жартысына жуығы ( 49,3 пайызы ) Бөрлі ауданында орындалса, 18,9 пайызы ? Теректі, 11,9 пайызы ? Зеленов, 17 пайызы Орал қаласының үлесінде.
Жыл басынан бері 416 жаңа ғимарат тұрғызылса, соның 322-сі ? тұрғын үй. Сондай-ақ жоғары оқу орнының бір оқу корпусы, 10 пошта байланысы ғимараты, 35 сауда орны іске қосылды.