13:40, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 15098,6 млн. текше метр газ бен 11611,1 мың тонна газ конденсаты өндірілді
ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 15098,6 млн. текше метр газ бен 11611,1 мың тонна газ конденсаты өндірілді,
бұл сәйкесінше 2007 жылғыдан 4,2 және 0,2 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Жалпы, кен өндіру саласында 859,5 млрд. теңгенің өнімдері шығарылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 100,6 пайызды құрайды. Электр қуатын, газ бен суды өндіру мен тарату саласында 16,2 млрд. теңгенің (101,2 пайыз) өндірілді. Мұнда электр қуатын өндіру ? 4,0, табиғи су өндіру 1,8 пайызға өсті.