Батыс Қазақстанда 17,3 млрд. теңгеге электр қуаты, газ бен су өндірілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 17,3 млрд. теңгеге электр қуаты, газ бен су өндірілді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Өткен жылы он бір айда 1063,3 млн. кВт. сағат электр қуаты өндірілсе, биыл ол 1146,5 млн. кВт. сағатқа, жылу қуаты 3105,0 мың Гкалдан 3210,0 мың Гкалға жетті. Тек су ғана 36785,2 мың текше метрден 36250,0 мың текше метрге түсті.

БҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған болжамына қарағанда, электр қуаты, газ бен суды өндіру мен тарату алдағы жылы 1,2 пайызға өсіп, 21,3 млрд., 2014 жылы 6,9 пайызға көбейіп, 24,8 млрд. теңгеге жетпек.

Соңғы жаңалықтар