Батыс Қазақстанда 20 мыңнан астам педагог еңбек етеді

ОРАЛ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бұл күндері облыстың ұстаздар қауымы төл мерекелерін атап өтуде.
None
None

Облыстық білім басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, қазіргі таңда өңір мектептерінде 87441 шәкіртті 20117 педагог білім нәрімен сусындатуда. Облыстағы мұғалімдердің 16146-сы немесе 80,2 пайызы - нәзік жандылар. Өңір ұстаздарының 15762-сі жоғары білімді, бұл барлық педагогтардың 78,35 пайызын құрайды. Облыс педагогтарының 2111-і - жоғары, 5795-і - бірінші, ал 5720- сы - екінші санатты мамандар. 6491 мұғалімнің әзірге кәсіби санаты жоқ.

Облыстың білім ордаларында қазақ мектептері үшін орыс тілі мен әдебиеті, математика, химия және физика пәндері мұғалімдері жетіспейді.

Өңірдегі 412 мектептің 246-сы - орта, 73-і - негізгі, 93-і - бастауыш мектептер. 277 мектеп мемлекеттік тілде білім берсе, 99-ы аралас тілде, 36-сы орыс тілінде шәкірт тәрбиелеуде.

2012 жылы облыстың 1420 түлегі ҚР ЖОО-ларының грант иегері атанды. Бұл - ҰБТ-ға қатысушылардың 32 пайызы (2011 жылы - 21,76 пайыз).

Соңғы жаңалықтар