Батыс Қазақстанда 201,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 201,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Осының 175,3 млрд. теңгесі кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Жыл басынан бері 3953,0 мың тонна газ конденсаты, 5175,9 млн. текше метр табиғи газ, 116,3 мың тонна шикі мұнай өндірілді. Ал 18,8 млрд. теңге өңдеу өнеркәсібінің еншісінде.
Соңғы жаңалықтар