Батыс Қазақстанда 251 млн. теңгеге 32 көппәтерлік үй жөнделді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында 2015 жылы 251 млн. теңгеге 32 көппәтерлік үйді жөндеу жұмыстары аяқталды.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, іс-шаралар жоспарына сәйкес өңірде 2015-2016 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары уақтылы атқарылды. Бекітілген кестеге орай жылу үйлерге мерзімінде берілді.

Айта кету керек, коммуналдық кәсіпорындар учаскелерде жүргізілген жөндеу істері нәтижесінде үзіліссіз, қалыпты жұмысты қамтамасыз етуде.

Коммуналдық қызметтер бағасы туралы бірер сөз. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты табиғи монополия субъектілері уәкілетті органдар бес және одан көп жыл мерзімге бекітетін тарифтің шекті мөлшерінде реттелетін қызметтерді ұсынуы тиіс. Осыған орай 2016 жылдың 1 қаңтарынан қызмет берушілердің жаңа тарифтері бекітілді. Бұл монополистерге желілерді ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, түптеп келгенде, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге септеседі.

Соңғы жаңалықтар