16:43, 17 Наурыз 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 290,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді
ОРАЛ. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айда 290,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 5,3 пайызға артық. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде 261,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, өсім 3,1 пайызды құрады. Мұнда табиғи газ 1,4, газ конденсаты 0,3 пайызға артты.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 21,6 млрд. теңгеге жетіп, мұнда, әсіресе, мұнай өнімдері 3,6, металлургия 1,9, резеңке және пластмасса өнімдері 1,8, машина жасау 1,2 есеге көбейді.