Батыс Қазақстанда 42,5 тонна пішен өртеніп кетті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 42,5 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 14 қыркүйек күні кешкісін Теректі ауданы Теректі ауылында болды.

«Сағат 19.23-те Бойная көшесі 30-мекенжайында 25 тонна шөп (100 рулон) пен аумағы 15 шаршы метр қора отқа оранды. Күшті желдің салдарынан жалын көршілес орналасқан Горький көшесі 15/1-үйдің ауласына ауысты. Мұнда 17,5 тонна (70 рулон) пішен мен 40 шаршы метр қора жанды. Өртті сөндіруге 19 адам (6 техника) жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 21.30-да оқшауланып, 15 қыркүйекте 00.55-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 378 өрт тіркелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 11 тонна тоқыма бұйымдары тиелген жүк көлігі өртенгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар