Батыс Қазақстанда 45 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 45 049 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, сондай-ақ 8 801 адам Pfizer вакцинасын салдырса, соның 307-сі – жүкті, 3 960-ы – бала емізетін әйелдер, 4 534-і – жасөспірімдер.

Облыста 267 125 адам бірінші компонентпен егілді, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 64,5 пайызы. Сондай-ақ 249 660-ы (60,2 пайыз) екінші компонентті қабылдады.

Күні бүгін өңірде 80 763 доза І, 124 109 доза ІІ компонент, 1902 доза «Спутник Lite» вакцинасы бар.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 47 865, биыл 7 795, соңғы тәулікте 351 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Қазіргі кезде 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 378 науқас емделуде. Ауруханалар 50,3 пайызға толған.

Жансақтау бөлімшесіндегі 21 адамның 18-і ауыр, үшеуі аса ауыр халде.

Жыл басынан бері індеттен көз жұмғандар саны 14-ке жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жыл басынан бері 7 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар