Батыс Қазақстанда 5 жасар бала суға батып кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 шілде күні Бәйтерек ауданы Жайық ауылында «Saya» демалыс базасында болды.
«Сағат 19.30-да бес жасар баланың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына жедел құтқару жасағынан 4 адам (1 жүзу құралы) қатысты. Сағат 19.40-та куәгерлер баланың денесін судан шығарып алды. 2017 жылғы ұл бала шомылу үшін жабдықталған жағажайда ата-анасымен, туыстарымен бірге болған. Анықталғанындай, бала үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген. Ата-анасы мен туыстары сол кезде жағадан 50 метр жердегі жазғы кафеде болған. Баланың жоғалғанын көргеннен кейін іздестіре бастаған. Құтқарушылардың бірі баланың мәйітін тапты», - деп хабарлады ведомстводан.
Биыл өңірде 12 адам суға кетсе, соның бесеуі балалар болып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда белгісіз жәндік шағып алған 9 жасар баланың жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.