Батыс Қазақстанда 51 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды

ОРАЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 51 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды,
None
None

бұл өткен жылғыдан 34,7 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 889 жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, соның 726-сы - тұрғын үй, 163-і - тұрғын үй емес мақсатындағы нысандар.

Биылғы сегіз айда тұрғын үй құрылысына 4,5 млрд. теңге жұмсалды. Жалпы алаңы 98,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылғыдан 7,7 пайызға аз. Жергілікті қазына есебінен 20,5 мың шаршы метр, республикалық бюджет қаржысына 0,3 мың шаршы метр жалгерлік, 0,2 мың шаршы метр несиелік, ал тұрғындар есебінен 77,4 мың шаршы метр үй бой көтерді. Тұрғын үй салу, әсіресе, Теректі, Тасқала, Бөкей ордасы, Жаңақала, Сырым аудандарында қарқын алып отыр.

Осы кезеңде 5 денсаулық сақтау, 1 білім беру нысаны салынды.

Соңғы жаңалықтар