Батыс Қазақстанда 620,6 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанованың айтуынша, соның ішінде 620,6 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Өкілетті органдармен 343,9 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыстың нәтижесінде жер пайдаланушылар 150,3 мың гектар жерді игеруге кірісті. Қазіргі уақытта 255,1 мың га жер телімін мемлекетке қайтару бағытында жұмыс жүргізілуде.
2012 жылы Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарында жалпы көлемі 1 млн. 584 мың гектар жерді түгендеу жұмыстары жүргізілсе, өткен жылы Ақжайық, Зеленов, Тасқалада 1643,9 мың га жер қамтылды. Биыл бұл жұмыс Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов аудандары мен Орал қаласында жалғасып, 107,6 мың га жердің ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылмай отырғаны белгілі болды.
Осымен бір мезгілде 2012-2014 жылдары жергілікті атқарушы органдармен 348,2 мың га жердің пайдаланылмай отырғандығы анықталып, оның 228,0 мың гектары мемлекетке қайтарылып, мұның 102,1 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына қосылды.