11:52, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 6918 заңды тұлға тіркелді
ОРАЛ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 ақпанға дейін 6918 заңды тұлға тіркелді, соның ішінде адам саны елуден аспайтындары - 6283.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, қызмет жасайтын заңды тұлға 5454 болса, соның 4831-і - шағын кәсіпорындар.
Ең көп заңды тұлға сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу саласында тіркеліп отыр, бұлардың үлесі - 24,3 пайыз. Сондай-ақ құрылыс (16 пайыз) - екінші, білім беру (9,3 пайыз) үшінші орында. Осы үш сала барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,6 пайызын құрайды.