Батыс Қазақстанда агроөнеркәсіп саласына 5,1 млрд. теңге жұмсалды

ОРАЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп саласына өткен жылы барлық қаржы көздерінен 5,1 млрд. теңге тартылды.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның ішінде мемлекеттік қолдау ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1,1 миллиардтан астам теңге демеуқаржы берілді. Лизингтік әдіспен 1,2 млрд. теңгеге 7 егін кешені, 44 трактор, 28 комбайн, 84 ауыл шаруашылығы машинасы және технологиялық жабдық алынды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында 2,2 млрд. теңге несие, соның ішінде Ұлттық қордан 949 млн. теңге тартылды.

Өңірде осы салада ірі жобалар қолға алынды. Мәселен, Теректі ауданында 500 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасы салынды, мұнда жылына екі мың тоннадан астам сүт өндіріледі. Осы мақсатта Венгриядан жоғары өнімді 229 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Бөрлі ауданында «Ақсай нан өнімдері комбинаты» ЖШС ауысымына 20 бас ірі қараны соя алатын арнайы орынды пайдалануға берді. Ал Зеленов ауданы Янайкин ауылында 8640 басқа арналған ірі қараны бордақылау алаңы биыл іске қосылмақ. Мұнда жылына 3454 тонна сиыр еті өндіріліп, қосымша 104 жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ осы ауданға қарасты Чапов ауылында «Бисекеш» шаруа қожалығы тәулігіне үш тонна ешкі сүтін өндіретін кешенді аяқтап келеді.

Соңғы жаңалықтар