11:40, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда әкімдердің есептік кездесулері басталды
ОРАЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әкімдердің есептік кездесулері басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, алдымен ауылдық округтері елді мекендерде есеп беруде. Қаңтардың 20-сына дейін осындай 281 кездесу болмақ. Содан кейін аудан, қала әкімдерінің есептік жиындары басталады. Тұрғындардың ұсыныс-тілектерін, ой-пікірлерін жинастыру мақсатында 500-ге жуық арнайы жәшік орнатылмақ.
Әкімдердің есептік кездесулерінде Елбасы тапсырмаларына сәйкес бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар, «Жол картасы», «100 мектеп және 100 аурухана» сынды бағдарламалардың орындалу барысы, алда тұрған мақсат-міндеттер көрініс таппақ.