10:58, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда әлеуметтік дүкендер жұмыс жасауда
ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік дүкендер жұмыс жасауда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал мен Ақсай қаласында мұндай орындар әуелден болса, өткен жылы Сырым ауданында «Сырым» МҚК жанынан әлеуметтік дүкен ашылған еді. Таяуда тап осындай дүкендер тоғыз ауылдық округ жанынан ашылып, ауыл-аймақ тұрғындары күнделікті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіліп отыр. Аудан бойынша тұрмысы төмен 2031 отбасындағы 10 мың адамға 5 млн. 300 мың теңгенің арзан азық-түлігі сатылды.
Мұндай көмек алдағы уақытта да жалғаса бермек.