07:41, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда әлеуметтік нысандар құрылысына 4,4 млрд. теңге бөлінді
ОРАЛ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандар құрылысына республикалық бюджеттен 4,4 млрд. теңге бөлінді.

Облыс әкімдігінен хабарлағанындай, Жәнібек ауданы Қамысты ауылындағы 300 орындық мектеп, Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында ауысымына 500 адам, Жаңақалада - 250 адам, Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде 250 адам қабылдайтын емханалар, облыс орталығында 300 төсектік қалалық көпбейінді аурухана құрылысы жалғасады.
Сондай-ақ Зачаган кентінде 360 орындық балабақша, Орал қаласының «Жаңа орда» шағынауданында 600 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарланып отыр.