Батыс Қазақстанда әлеуметтік сала нысандарын салуға, жол құрылысына 11,3 млрд. теңге жұмсалмақ

ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл мемлекеттік бюджет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сумен қамту, газдандыру нысандарын салуға, қайта жаңартуға және автомобиль жолдарын қалпына келтіруге 11,3 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінбек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап. 2009 жылы 17 сумен қамту нысанын салу көзделуде, бұл халық саны шамамен 17,8 мың адамды құрайтын тағы 15 елді мекенді ауызсумен қамту мәселесін шешеді. Облыстың елді мекендерін газдандыруға 872 млн. теңге бөлу көзделуде. Бөкей ордасы ауданындағы газ құбырлары салынып бітсе, «Қарашығанақ?Орал» газ құбырының құрылысы жалғасатын болады.
Соңғы жаңалықтар