Батыс Қазақстанда әлеуметтік сала нысандарын, жолдарды салуға, күрделі жөндеуге 13,1 млрд. теңге бөлініп отыр

ОРАЛ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2013 жылы мемлекеттік бюджет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сумен қамту, газдандыру нысандарын салуға, қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуге және автомобиль жолдарын оңтайландыруға 13,1 млрд. теңге бөлінді.
None
None

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде тұрғын үй құрылысына да айрықша көңіл бөлінуде. Биыл ел қазынасынан бұл мақсатқа 4,8 млрд. теңге қарастырылып отыр. Жыл ішінде 182,5 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделуде.

Облыстағы инженерлік инфрақұрылымның одан әрі дамуына да баса назар аударылатын болады.

Соңғы жаңалықтар