Батыс Қазақстанда әлеуметтік салада оң нәтижелерге қол жеткізіліп отыр

ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда әлеуметтік салада оң нәтижелерге қол жеткізіліп отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Өңірде тұрғындардың орта жасы сәл де болса көтеріліп келеді. 2009 жылы Қазақстанда ерлердің орта жасы - 61,91, әйелдердікі 72,43 болса, Батыс Қазақстанда сәйкесінше 61,91 және 73,6-ға жетті.

Адам, соның ішінде ана өлімі мен сәбидің шетінеуі орта республикалық көрсеткіштен төмен. 2009 жылы сәбидің шетінеуі туылған 1000 нәрестеге шаққанда Қазақстанда - 18,4, Батыс Қазақстанда - 14,7, ТМД елдерінде 12,78-ді құрады. Бұл жөнінен БҚО Қостанаймен бірге көш бастап келеді.

Облыстағы халықтың табиғи өсімі де 2008 жылмен салыстырғанда арта түсті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне қарағанда, Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда адамның дүниеге келуі жөнінен үшінші орынды ұстап тұр. Бұл ретте бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемелермен қамту мәселесі туындайды. Елбасының елмен тікелей сұхбаты кезінде осыған орай Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырма беруі тегін емес. Бұл жөнінен де БҚО республикада алғашқы үштіктің қатарында. Мәселен, елімізде орта есеппен балалардың 38,6 пайызы мектепке дейінгі мекемемен қамтылса, Ақ Жайық өңірінде 68 пайыздан асады. Сондай-ақ облыс орташа жалақы жөнінен - бесінші, нақты жалақы индексі бойынша - бірінші, нақты ақшалай табыстан алтыншы орында.

Соңғы жаңалықтар