Батыс Қазақстанда ауыл әкімдері есеп беруде

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақжайық ауданында Тайпақ ауылдық округінің әкімі Тілекқабыл Қуанышалиев, Ақжолда Қашиғолла Уашев, Ақсуатта Талап Өтемісовтер есеп берді. Есеп беруде айтылғанындай, Тайпақта ауылды абаттандыруға барынша көңіл бөлініп, 4 млн. теңге жұмсалған. Жергілікті кәсіпкерлер С.Серғазиев пен З.Нұрғалиев өз дүкендерін ашқан. Басқа да жасалған істер аз емес. Ақжол ауылында өткен жылы балабақша ашылып, радио торабы жұмыс жасай бастады. Болашақ бақтың іргесі қаланды. Мұндай жұмыстар биыл да жалғасады.
Ауыл тұрғындары сонымен қатар өз ұсыныс-тілектерін білдіруде. Мәселен, Битілеу елді мекенінің тұрғындары таза ауыз су келуін, телефон байланысымен қамтылуын күтеді. Сондай-ақ мұнда клуб та қажет.
Осындай кездесулер барлық ауданда да өткізілуде.