Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында бірнеше жоба жүзеге асырылмақ

ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласында бірнеше жоба жүзеге асырылмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықовтың айтуынша, аумағы 7 гектар, өндіріс көлемі жылына 2,5 мың тонна көкөніс беретін қысқы жылыжайды биылғы жылдың екінші жартысында пайдалануға беру көзделіп отыр. Зеленов ауданында 2 5 мың ірі қара мал бордақылауға арналған, құны 5 млрд. теңгені құрайтын заманауи кешен құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ жобалық қуаты тәулігіне 150 тонна бидай тартуға арналған «Бюллер» фирмасының жабдығымен жарақтандырылған диірмен кешені және «ҚазАгроҚаржы» АҚ инвестициясына халықты өсімдік майымен қамтамасыз ету үшін жылдық қуаты 7,4 мың тонна май шығаратын зауыт салынуда. Бұл да 2009 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылмақ.
Соңғы жаңалықтар