13:45, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда ауылдардағы жұмыссыздық мәселесі күрделеніп кетуіне жол бермеу мақсатында ілкімді жоба жүзеге асырылды
ОРАЛ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ауылдардағы жұмыссыздық мәселесі күрделіленіп кетуіне жол бермеу мақсатында ілкімді жоба жүзеге асырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, осы жоба арқылы өткен жылы ауылдық жердегі 293 жұмыссыз азамат ірі отандық және шетелдік компанияларға тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар 261 жұмыссыз шетелдік компаниялар қаржысы есебінен қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға жіберілді.
Өткен жылы Жезқазған мен Рудный қалаларында өткізілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және еңбек форумдарында Елбасының жүктеген тапсырмаларына сәйкес облыс бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 44 меморандумға қол қойылды.