11:53, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда ауылдық жерлерге маман тарту үшін 75 миллионнан астам теңге қарастырылып отыр
ОРАЛ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ауылдық жерлерге маман тарту үшін биыл 75 миллионнан астам теңге қарастырылып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы мақсатта ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев пен БҚО әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ағымдағы трансферттер жөніндегі келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес биылғы жылдың аяғына дейін аудан-ауылдарға барған дәрігерлер мен мұғалімдердің, әлеуметтік сала мен мәдениет, спорт мамандарының әрқайсысына айлық есептік көрсеткіштің 70 есе мөлшерінде, яғни 90720 теңге көтермеақы беріледі.