16:31, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ақпанның 23-і мен наурыздың 4-і аралығында "Автобус" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл шара кезінде жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың алдын алу үшін рейдтер өткізеді. Автобустардың техникалық жағдайына назар аударып, сондай-ақ өңірдегі түрлі бағыттар бойынша қатынайтын көліктердің саны мен қызметінің талапқа сай келуін де қадағалайды. Бұл ретте балаларды тасымалдайтын автобустарға ерекше назар аударылмақ.