Батыс Қазақстанда автокөліктен граната табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автокөліктен граната табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 қаңтар күні шамамен сағат 05.20-да болды. Теректі ауданы Подстепный ауылында орнатылған блокпоста армян нөмірлі «Тойота Альфард» автокөлігі тоқтатылды.

Автокөлікте жүргізушіден басқа екі ер адам, емізетін баласы бар әйел болған. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің жүксалғышты ашу жөніндегі талабынан салондағы балаға қауіпті деп бас тартқан. Жолаушыларды қараған кезде ер адамның біреуінен пышақ табылған. Кейін оларды Абай полиция бөліміне жеткізу кезінде жүргізуші бой тасалауға тырысқан.
Сөйтіп тағы күдік тудырған. Жүксалғышты қарау кезінде одан граната, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтың оқ-дәрісі, 50-ден астам ұялы телефон, 6 планшет, 23 бірлік смарт-сағат, басқа да гаджеттер мен аксессуарлар, киім салынған бірнеше сөмке табылды. Қазіргі кезде автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түнгі уақытта барда жүргендер ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар